Қазақ өнері орны толмас қазаға ұшырады

  • 5
  • 05.08.2026, 19:50

Режиссер, сценарист әрі аяулы ұстаз Ардақ Әмірқұлов өмірден өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айтты.

Белгілі режиссер 1955 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері бар ғұмырын қазақ киносына арнап, ондаған фильм түсірген. Оның «Отырардың күйреуі», «Абай», «Қош бол, Гүлсары» және «Хирург» сынды туындылары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. «Құрмет» орденінің иегері соңғы жылдары шәкірт тәрбиелеп, жас буынның қалыптасуына зор үлес қосты. Ардақ Жамансарыұлының жарқын бейнесі қазақ халқының жадында мәңгі сақталады.

Рүстем Әбдірашев, режиссёр,  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Қайғыдан қабырғамыз қайысып отыр, шыны керек. Кіндік әкеміздей жағдайымызды сұрап жүретін жақсы азамат еді. Артынан қалған көптеген жас киногерлер бар тәрбиелеп кеткен. Олардың барлығы қайғырып отыр. Өмірде біраз еңбек етіп артынан көп із қалдырған азамат.