Қостанайда заңсыз несие берген азамат сотталды

  • 8
  • 06.08.2026, 19:34

Қостанайда заңсыз микрокаржылық қызмет ұйымдастырған азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Жергілікті тұрғын мүлікті кепілге ала отырып қарыз беру қызметімен айналысқан. Халықтың назарын аудару үшін арнайы сайт пен әлеуметтік  желіде  жарнама жариялаған. Келген азаматтардың ауыр материалдық жағдайын пайдаланған ол жылдық мөлшерлемесі 120% дейін жететін шартпен қарыз берген. Сонымен қатар нотариат куәландырған құжатта қарыздың нақты сомасы емес, негізсіз ұлғайтылған мөлшері көрсетілген. Заңсыз әрекеттердің салдарынан 50-ден астам азамат зардап шеккен. Қылмыстық жолмен алынған кіріс 1 млрд теңгеден жоғары.

Салтанат Көшербаева, ҚР ҚМА басқарма басшысы:

-Сот үкімімен ол 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар төрт пәтерді, екі жер учаскесін, сондай-ақ автокөліктерін мемлекет кірісіне тәркіледі.