Қызылорда облысында заңсыз алтын өндіргендер қамауға алынды

  • 5
  • 07.08.2026, 19:32

Қызылорда облысында алтын өндірумен айналысқан 13 адам қамауға алынды. Қылмыстық топ мүшелерінің бірі алтын іздеушілерді тартып, өндіру жұмысын ұйымдастырса, тағы бірі тасымалдау және өткізумен айналысқан. Ал басқалары қауіпсіздікті қамтамасыз еткен. Заңсыз әрекетті жасыру үшін аумақты торуылдап, бөгде адамдардың немесе мемлекеттік органдар қызметкерлерінің келгенін алдын ала ескертіп отырған.

Күрделі өнеркәсіптік өңдеуді қажет етпейтін бағалы метал Жаманқол алқабында өндіріліп, Алматыда сатылған. 

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Өндірілген алтын кейін өткізу үшін Алматы қаласына жеткізіліп, одан түскен қаржы қылмыстық топ мүшелері арасында бөлінген. Тінту барысында құрамында алтыны бар 500 грамнан астам кен, 2 арнайы техника, 12 металл іздегіш және 6 автокөлік тәркіленді. Бұдан бөлек, 2 пневматикалық тапанша мен тегіс ұңғылы аңшы мылтығы табылды. Қазіргі уақытта 13 адам қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.