Тәртіп сақшылары 21 жыл бұрын жасалған кісі өлімін ашты.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Қылмыс 2005-ші жылы Астанада жасалған. Сол кезде қала аумағынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған. Алайда дәлелдердің жеткіліксіз болуына байланысты қылмыстың мән-жайын анықтау мүмкін болмаған.
Мамандар жақында істің материалдарын қайта қарап, архивтегі деректерді зерделеген. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген күдіктілер ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қанат Нұрмағамбетов, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы:
- Қылмысқа қатысы бар Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды. Тамыз айында күдіктілер ұсталып, кінәларын мойындады. Қазіргі уақытта екеуі де қамауда. Тергеу жалғасуда. Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.