ШҚО-да жаз басталғалы 10 адам суға кетті

  • 8
  • 19.08.2026, 19:34

Шығыс Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға кетті. Құтқарушылардың айтуынша, демалушының көбі тыйым салынған жерлерде шомылады. Қауіпсіздік ережелеріне салғырт қарайды. Арнайы рейд кезінде 21 адамға айыппұл салынды. Олардың ішінде жағажайда баласын қараусыз қалдырғандар да бар. Мамандар: «Оқыс оқиға көбейе ме», - деп алаңдап отыр. Себебі аптап ыстыққа байланысты шомылу маусымының мерзімі 15-ші қыркүйекке дейін ұзартылды. 

Айта кетейік, қазір шағын кеме жүргізушілеріне де талап күшейтілген. Демалушыларға қауіп төндіргендер жауапкершілікке тартылады .

Марина Лискова, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

- Су айдындарында шағын көлемді кемемен жүзу  талаптарына көз жұма қараған 64 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Суға батып кете жаздаған 25 адам құтқарылды. Жалпы биыл аптап ыстық қыркүйектің ортасына дейін жалғасады. Демек сақтық шараларына салғырт қарауға болмайды. Тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға кеңес береміз.