Ақмола облысында есірткі зертханасы әшкереленді

  • 8
  • 25.08.2026, 19:36

Ақмола облысында синтетикалық есірткі өндіретін кезекті зертхананың жұмысы тоқтатылды.

Тәртіп сақшылары оны Целиноград ауданында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықтаған. Тінту кезінде жарты келіден астам дайын өнім, химиялық прекурсорлар және есірткі өндіруге арналған зертханалық жабдықтар тәркіленді. Табылған заттарға сараптама тағайындалды. Зертхананы ұйымдастырды деген күдікке ілінгендер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр.

Арман Адыханов, Ақмола облысы прокуратурасының басқарма бастығы:

Жыл басынан бері құқық қорғау және арнайы органдардың бірлескен күшімен облыс аумағында 432 кг астам есірткі тәркіленді. Синтетикалық есірткі дайындайтын 3 зертхана, 18 фитозертхана және есірткі жеткізудің 5 арнасы жойылды. Нашақорлық пен есірткі саудасына қарсы іс-қимыл жұмыстары жалғасады.