Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрт сөндірілді

  • 5
  • 25.08.2026, 19:35

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрт толықтай сөндірілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегі бойынша түс мезгілінде кәсіпорын аумағында түтін шыққаны туралы хабарлама түскен. Өртті сөндіруге 65 адам мен 19 техника жұмылдырылған. Бір сағатқа жетер-жетпес уақытта өрт оқшауланып, әрі қарай таралуына жол берілмеді.

Зауыт басшылығының мәліметінше, сағат 12:35-те жабық типтегі механикалық тазарту құрылғысының тұндырғышында мұнай шламы тұтанған. Бұл кезде нысанда жұмыс тоқтап тұрған. Қазір жағдай бақылауда. Мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту процестері қалыпты режимде жалғасып жатыр. Өрттің шығу себебі анықталуда.