Алматыда заңсыз интернет-казино ұйымдастырған топ ұсталды

  • 2
  • 08.09.2026, 18:36

Алматыда заңсыз интернет-казинолардың жұмысын қамтамасыз еткен бір топ адам ұсталды. Олар «Olymp Casino», «Rukh Poker» және «7K-casino» интернет-казиноларының төлем жүйесін ұйымдастырған. Оның ішінде «Rocket.do» онлайн платформасы арқылы ойыншылардан ақша қабылдау және оны өңдеу жолға қойылды. Бұл іске қатысушылардың бірі шетел азаматы екен белгілі болды. Ол 200 АҚШ долларына дейін сыйақы алып отырды. Өз банк шоттарын пайдалануға беруге келісетін дропперлерін Қазақстанға әкеліп, есеп-шот аштырған, солай 15 шетел азаматының банк шоттарына қол жеткізді. Қазір іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Ойыншылардан 16 дроппердің шотына түскен қаражаттың жалпы көлемі 110 млн теңгеден асты. Күдіктілердің бірі қамауға алынды. Тағы үшеуіне ешқайда кетпеу және өзін тиісінше ұстау туралы қолхатпен бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.