Қызылордадағы мұнай өңдеу зауытында өрт шықты. Сыйымдылығы 60 тонналық екі резервуар отқа оранған. Оларда 120 тонна мұнай өнімі болған. Жалын көршілес резервуарларға да қауіп төндірді. Мамандардың жедел әрекетінің арқасында тілсіз жаудың өршуіне жол берілмеді. Қызыл жалынды сөндіруге арнайы көбік шашатын құрылғылар мен өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.
Жасұлан Түйменов, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары:
- Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір өрт сынақ зертханасы тағайындалды. Төтенше жағдайлар департаментінен 18 техника, 60 жеке құрам, өрт сөндіру поезы 10 қызметкерімен жұмылдырылды.