Күтпеген шарттары бар микронесие. Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда кезекті алаяқтық жүйені әшкереледі. Мамандар Alemcredit.com интернет-ресурсы арқылы несие берген тұлғаларға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қарыз алушылар әлеуметтік желілер арқылы тартылған. Жарнамада тиімді шарттармен қарыз берілетіні туралы деректер жазылған. Оны рәсімдеу үшін дербес деректерді ұсыну және электрондық құжаттарға қол қою талап етілген. Соңында қарыз алушыларға уәде етілген сомадан әлдеқайда аз қаражат аударылып, оның бір бөлігі алдын ала ескертілмеген төлемдер ретінде ұсталған. Кеңсені тінту барысында SIM-бокстар мен SIM-карталар тәркіленді. Күдіктілерді тінту барысында жаппай SMS-хабарлама таратуға қолданылған SIM-бокстар мен көп мөлшерде SIM-карта тәркіленді.