Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына 1 млн-нан астам көшет егу жөніндегі міндеттеме орындалмады. Бұл экологияның нашарлауына әкелуі мүмкін. Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы тексеру жүргізіп, осы кемшілікті анықтады. Соңғы жылдары құзырлы органдар өңірде 100 мыңнан астам ағашты кесуге рұқсат берілді. Талап бойынша, оталған әрбір ағаштың орнына өтемдік көшет егілуі тиіс еді. Алайда ағашты кесуге рұқсат алғандардың көбі міндеттемесін орындамаған. Әсіресе Еңбекшіқазақ ауданында көптеген заңбұзушылық тіркелді. Онда 120 рұқсат құжаты бойынша 63 мыңнан астам ағаш кесілгенімен қажетті мөлшерде жаңасы егілмеді.
Салахадин Ажен, облыстық Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры:
- Жасыл екпелерді күтіп-баптау және қорғау қағидаларына сәйкес кесілген әрбір ағаштың орнына 10 жаңа ағаш егілуі тиіс. Міндеттемелердің орындалуына тиісті бақылаудың болмауы салдарынан аудан бойынша 630 мыңнан астам ағаш егу жұмыстары қамтамасыз етілмеді. Жалпы облыс бойынша 1 млн-нан астам өтемдік ағаш егу бойынша шаралар қабылданбағаны анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 11 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.