Павлодар облысында қос азаматтығы бар 27 адам анықталды

  • 5
  • 11.09.2026, 18:33

Павлодар облысында қос азаматтықпен жүрген 27 адам анықталды. Көші-қон қызметі бұл бағыттағы тексеру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстанда қос азаматтыққа жол берілмейді. Жыл басынан бері облыста 398 адамның Қазақстан азаматтығын жоғалтқаны тіркелді. Ал, көші-қон заңнамасын бұзған 40 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның жетеуі Қазақстан аумағынан шығарылды. Мәселен, Ресей азаматтығын алған екі әйел бұл туралы полицияға хабарламады. Олардың бірі Қазақстан азаматының паспортын пайдаланып, мемлекеттік шекарадан өтіп кеткен. Заң талаптарын бұзған азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аққали Аққалиев, Полиция Департаменті көші-қон қызметі басқармасының инспекторы:

- Қазақстан Республикасы төлқұжатын қолданғаны үшін 200 АЕК айыппұл салынады. Ал қос азаматтығы анықталған жағдайда сот үкімі бойынша еліміздің аумағынан шығару немесе 100 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалады.