Қызылорда облысында 6 жасар бала әкесінің көлігін айдап кеткен

  • 4
  • 11.09.2026, 18:35

Қызылорда облысында 6 жасар бала әкесінің көлігін айдап кетті. Оны түнгі патрульге шыққан полицейлер анықтады. Оқиға Арал ауданында болды. Тәртіп сақшылары автомобильді тоқтатқан кезде рөлде 6 жастағы бала отырды. Ол ата-анасының қарауынсыз көлік жүргізгені белгілі болды. Баланың ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Рауан Әлдешов, облыстық Полиция Департаменті басқармасы бастығының орынбасары:

- Полиция қызметкерлері ата-анасы мен баласына қатысты профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазір республика көлемінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Назар аударыңыз, жедел профилактикалық іс-шарасы» өткізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамау керектігін ескертеді.