Тәртіп сақшылары оны әуеден барлау кезінде тапқан. Құрамында есірткі заттары бар өсімдікті Тараз қаласының 40 жастағы тұрғыны өсірген. Ол алқап басында ұсталды. Операция барысында жалпы салмағы 438 келі болатын биіктігі екі метрден астам 50 түп қарасора жойылды.
Тінту барысында қаптама материалдар, арнайы агротехникалық жабдықтар мен есірткі тасымалдауға пайдаланылған жол талғамайтын автокөлік тәркіленді. Сондай-ақ Макаров тапаншасы, 12 калибрлі Байкал мылтығы мен оқ-дәрілер табылған. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.