Жыл басынан бері Ішкі істер органдары діни экстремистік идеяларды жамылған 22 қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Құрамында болған 64 адам ұсталды. Олар бопсалау, алаяқтық, тонау, браконьерлік және есірткі өткізумен айналысты. Қылмыс жасау үшін атыс қаруын сақтады Мұндай топтар елдің әр өңірлерінде соның ішінде Алматы қаласы мен Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында әрекет етті.
Шұғыла Тұрлыбек, ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз хатшысы:
- Ішкі істер органдары діни экстремизм идеяларын ұстанушылар жасаған пайдакүнемдік зорлық сипатындағы 155 қылмыстың бетін ашты. Заңсыз айналымнан 114 атыс қаруы, 3 суық қаруы, 7 граната, 1 600-ден астам оқ-дәрі және 32 келіден астам есірткі тәркіленді.