Павлодар облысында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

  • 17
  • 15.09.2026, 18:35

Павлодар облысының Баянауыл ауданында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Тілсіз жау күні кеше Қарағанды облысының Ақжар бөлімшесінде тұтанып, екпінді желмен парк аумағына дейін жетті. Өрт сөндірушілер түні бойы қызыл жалынмен күресті. Тікұшақ, ұлттық парктің өрт сөндіру жасағы мен барлық арнайы техникалары жұмылдырылды. Қазір қолда бар күш-құралдардың көмегімен 3 учаскедегі өрт ошақтарын жою жұмыстары жүріп жатыр. Өртті сөндіруге 84 адам мен 32 техника, оның ішінде екі әуе кемесі жұмылдырылды.