Павлодар облысындағы табиғи өрт толық бақылауға алынды

  • 15
  • 16.09.2026, 18:37

Павлодар облысының Баянауыл ауданында бір тәулік бұрын тұтанған табиғи өрт оқшауланды. Қазір өрт ошақтарын толық жою жалғасып жатыр. Тілсіз жау Жаңатілек ауылдық округі мен Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында тіркелді. Таулы жер бедері, жетуі қиын учаскелер мен желдің екпіні өртті сөндіру жұмысын қиындатты. Оқиға орнында 100-ге жуық адам, 35 техника және екі тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Барлық қызметтің жұмысын үйлестіру үшін жедел штаб құрылды. Жағдай мамандардың толық бақылауында тұр. Өрттен болған шығын мен зардап шеккен аумақтың жалпы көлемі анықталып жатыр.