Ақтөбе облысында ₸91 млн субсидияны жымқырған кооператив басшысы сотталды

  • 7
  • 16.09.2026, 18:39

Мемлекетті алдап, 91 млн тг астам субсидия алған кооператив басшысы сотталды. Аса ірі мөлшерде шығын келтірген ол 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында 3 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін басқарған әйел 2023-2025 жылдары жалған мәлімет ұсынып, заңсыз субсидия алған. Коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды. Сотталған әйелдің кәмелетке толмаған балалары болуына байланысты жазаны өтеу кейінге шегерілді.