Маңғыстау облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды

  • 4
  • 17.09.2026, 18:36

Маңғыстау облысында көлік апатынан төрт адам көз жұмды. Тағы үш жолаушы Ақтаудағы орталық ауруханаға жеткізілді. Екеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Дәрігерлердің айтуларынша, 40 жастағы науқастың бас миына зақым келген. Ал  22 жастағы ер адам бірнеше жерден дене жарақатын алған. Сондай-ақ 1996 жылы туған соңғы жолаушы травматология бөлімшесінде жатыр.

Оқыс оқиға кеше «Ақтау-Бейнеу» бағытындағы трассада болды. Жетібайдан Шетпе ауылына қарай келе жатқан Toyota Camry жолдың үстінде жүрген түйені қағып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол жерде жеңіл көлігімен соқтығысқан. Полиция қылмыстық іс қозғап, қазіргі кезде мал иесін іздестіріп жатыр.