Қарағанды облысында жалған виртуалды дүкен сатқан күдікті 2 жылға сотталды

  • 4
  • 18.09.2026, 18:33

Елде қаржы пирамидасының тағы бір жаңа түрі пайда болды. Қарағанды облысында «Виртуалды дүкен сатамын» деп жұртты алдаған күдікті ұсталып екі жылға сотталды. Ол жобаға қатысушыларға құны 120-дан 49 мың долларға дейінгі виртуалды дүкендерді сатып алуды ұсынған. Ал төлемді USDT криптовалютасымен қабылдады. Оларға күн сайын табыс түсетіні және жаңа салымшыларды тартқаны үшін қосымша бонус берілетіні уәде етілді. Алайда виртуалды дүкендегі тауар іс жүзінде болмады. Ал табысты жаңа қатысушыларды тарту есебінен алынды. 

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- Салымшылардың қаражаты USDT криптовалютасымен OKX платформасы арқылы электронды әмияндарға аударылған. Жедел іс-шаралар нәтижесінде 474 мың USDT көлеміндегі криптоактивтер бұғатталды. Сот үкімімен аталған цифрлық активтер мемлекет кірісіне тәркіленді.