Теміртау қаласында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өндіруді ұйымдастырды деген күдіктінің бірі Ресей аумағында ұсталып елге экстрадицияланды. Ұйымдасқан қылмыстық топ дайын өнімді Қарағанды облысының аумағында саудаланды. Тінту кезінде аталған қылмыстық топ мүшелерінен 10 келіге жуық мефедрон тәркіленді. Олар өз кірістерін түрлі қаржылық операциялар жүргізу, соның ішінде криптообменниктерді пайдалану арқылы заңдастырды. Ал 600 млн теңгеге жылжымайтын мүлік, бизнес объектілерімен көлік құралдарын сатып алды. Осы іске қатысы бар тағы бір күдікті 2 ай бұрын Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды.
Ерлан Жанпейісов, ҚР бас прокуратурасының ресми өкілі:
- Қазір қылмыстық топтың жекелеген мүшелеріне қатысты қылмыстық іс сотта қаралды. Ал басқа сыбайластары, оның ішінде күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынуына байланысты халықаралық іздеуге жарияланды. Ол тергеу изоляторына қамалды. Тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен қатар, 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделді.