Қазақстан елшіліктерінде Туымыз төмен түсірілді

  • 10
  • 25.09.2026, 18:36

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай әлемнің әр қиырындағы Қазақстан елшіліктерінде көк туымыз төмен түсірілді. Түркі әлемі де аза тұтып, қазақ халқына көңіл білдірді. Анкарада халықаралықТҮРКСОЙ ұйымының штаб-пәтерінде Каспий теңізінің жағалауындағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алу рәсімі өтті. Ұйым қызметкерлері бір минут үнсіздік жариялап, марқұмдардың рухына тағзым етті. Қаралы күннің белгісі ретінде ТҮРКСОЙ ғимаратындағы түркі мемлекеттерінің тулары төмен түсірілді. Бельгиядағы елшілікте де туымыз төмен түсіріліп, ауласында құрылған киіз үйдің ішіне көңіл айту кітабы қойылды. Жергілікті дипломатия, диаспора және бизнес өкілдері Қазақстан халқының қайғысына ортақтасып, көңіл қосын білдірді.