Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Сеулдегі құрылыс алаңында болған жазатайым оқиғада Қазақстан азаматының қайтыс болғанын растады. Оның үстіне бетон қабырғаның бір бөлігі құлаған. Осы оқиға бойынша Корея Республикасының тиісті органдары тергеу жұмыстарын бастады. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланысып, қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр.