Республика күні Республика күні

Қазақстанда алаяқтардың 90 миллионнан астам қоңырауы бұғатталды

  • 0
  • 21.10.2026, 18:38

Жыл басынан бері елде алаяқтардың 90 миллионнан астам қоңырауы бұғатталды. Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы күресті күшейту үшін байланыс операторларымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. 2022 жылдан бері алаяқтардың 187 миллион қоңырауы бұғатталыпты.  Бұдан бөлек SIM-карталар мен әлеуметтік желідегі парақшаларды алаяқтарға сататындардың әрекеті әшкереленді. Осындай заңсыз іспен айналысатын «активаторлар» деп аталатын топ ұсталды.

Жандос Сүйінбай, ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы:
- Бүгінгі таңда 150-ден астам «активатор» ұсталды, олардан 22 мыңнан астам SIM-карта тәркіленді. Сонымен қатар осындай қылмыстарға дроптар да өз үлесін қосуда. Олар банкттік карталарды өздеріне рәсімдеп, аз пайда үшін алаяқтарға береді. Мәселен, қыркүйек айында Түркістан облысында банктік есеп-шоттарын алаяқтық қызметте пайдаланылған Өзбекстанның 27 азаматын тартып, осындай қылмысты ұйымдастырған дроптар тобының қызметіне тосқауыл қойылды.