Кешелі бері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылып тұр. Ақмола облысында түнде қар жауып, соңы көктайғаққа ұласқан. 3 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бір адам қаза тапты. Синоптиктердің сөзінше, жол жүруге қолайсыз ауа райы алдағы күндері сақталады. Тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қазір аймақтағы жолдарға 86 блок-бекет қойылған. Онда полиция қызметкерлерімен қоса, құтқарушылар да тәулік бойы кезекшілік етіп жатыр.
Ержан Қошқарбаев, ПД басқармасының бастығы:
- Кеше түнде республикалық тас жолға жазғы дөңгелекпен шыққан 744 автокөлік иесі кері қайтарылды. Сондай-ақ Щучинск-Астана бағытындағы жолда жылдамдық сағатына 140 шақырымнан 80 шақырымға дейін шектелді. Қазір барлық жолдарды қатаң бақылауға алып, жұмысты жалғастарып жатырмыз
Бақыт Мақажанова, «Қазгидромет» РМК Ақмола облыстық филиалының директоры:
- Әзірше облыс бойынша қар қатаң жатпайды. Сондықтан біз күтіп отырғанымыз, алдымыздағы 10-нан ертеңнен бастап 12-13 дейін қатты жел болып, боран болып, көктайғақ болады деген болжамымыз бар.