Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қызылорда облысында криптовалюта айырбастағандар сотталды

  • 5
  • 06.11.2026, 18:13

Қызылорда облысында криптовалюта айырбастауды ұйымдастырып, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырған адамдар сотталды.

Белгілі болғандай, олар өз әрекетін «Астана» халықаралық қаржы орталығының сауда алаңдарынан тыс жерде іске асырған. Сөйтіп 1 миллиард теңгеден астам қаржыға цифрлық активтер сатқаны анықталып отыр. Сонымен қатар сотталғандардың бірі есірткі сатудан түскен қаржыны да заңдастыруды қолға алыпты. Бұл үшін өзге адамдардың шоттары пайдаланылып, 600 миллион теңгеден астам ақша аударылған. Қаражат криптовалютаға айырбасталып, есірткі саудагерлеріне жіберілген.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

– Сотталғандар қылмыстық жолмен тапқан ақшасына жүк көліктері мен тіркемелер сатып алып, оларды жақын туыстарының атына тіркеген. Кейін бұл көліктерді кәсіпкерлік мақсатта пайдаланып, заңды тұлғаларға жалға берген. Сот үкімімен олардың біріне үш жыл, екіншісіне екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ төрт арнайы техника мен қылмыстық жолмен алынған 1 млрд теңгеден астам табыс мемлекет пайдасына тәркіленді.