Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

«Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары ұсталды

  • 1
  • 12.11.2026, 18:01

Астанада аспаннан ақша жауды деген ақпарат желіде тез тарады. Елордадағы тұрғын үйлердің біріндегі аулада сөмкеден шашылған доллардың желге ұшқан жазбасы тарады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Елжас Отыншиев ұсталды. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген. Қазір істің мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр. Осы іске қатысты өзге де тұлғалардың ұсталғаны туралы дерек бар.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге заңмен шектеу қойылған. «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі де құқық қорғау органдарымен бірлесіп, заңға сәйкес тиісті жұмыстар жасалып жатқанын хабарлады.

ҚР ҰҚК мәлімдемесі: 

– Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жария етілмейді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және «Заң және тәртіп» қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасуда.

Елімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың қарқынын статистикалық мәліметтерден аңғару қиын емес. Ашық деректерге сәйкес, жыл басынан бері алғашқы 4 айда 605 қылмыс тіркелсе, маусымда - 125, шілде-тамыз айларында - 201 жемқорлық дерегі әшкереленген. 140 адам күдікті ретінде танылып, мемлекетке 3,7 млрд теңге залал келтірілгені анықталды. Ал қыркүйекте - 106 іс қозғалып, 78-і - сотқа жолданды. Ол уақытта да 3,7 млрд теңге залал келтірілген екен.