Алматыда ғылыми жобаға бөлінген қаражатты қарпыды делінген күдікті қамауға алынды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ол мемлекетке 945 млн теңге залал келтірген. Күдікті 2023–2024 жылдары төрт жобаны іске асыру үшін 1,15 млрд теңге алған. Ол бұл ақшаға өсімдіктен инновациялық макарон өнімдерін өндірмекші болыпты. Алайда қаражат талан-таражға түсіп, жобалар жүзеге аспаған.
Қазір күдіктінің 830 млн теңге болатын мүлкіне тыйым салынды. Олардың қатарында 5 жер телімі, 4 автокөлік, Астанадағы пәтер, коммерциялық үй-жай және зергерлік бұйымдар бар.