Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Жамбыл облысында 16 бас жылқы ұрлаған күдікті ұсталды

  • 9
  • 17.11.2026, 18:05

Жамбыл облысында да мал ұрлағандар ұсталды. 44 жастағы тұрғын Тұрар Рысқұлов ауданында жайылымдағы 16 бас жылқыны айдап әкеткен.

Тергеу барысында оның ұрланған малдың жетеуін сойып, етін сатып жібергені белгілі болды. Мал иесіне 24 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. 

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.