Павлодар облысында ауылішілік жолдарды жөндеуге бөлінген 45 миллион теңгенің жымқырылғаны белгілі болды.
Прокуратураның мәліметінше Успен ауылдық округі әкімінің аппараты жөндеу жұмыстары іс жүзінде орындалмаса да қаражатты мердігер компанияға заңсыз аударған. Осы факті бойынша әкімдік қызметкерлері мен құрылыс ұйымының өкілдеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Қазір тергеуді ҰҚК-нің Павлодар облысы бойынша департаменті жүргізіп жатыр. Ал Қылмыстық-процестік Кодекстің 201-бабына сәйкес, істің өзге мән-жайлары жария етілмейді.