Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Buyers Union қаржы пирамидасы ісіне қатысты тергеу аяқталды

  • 1
  • 18.11.2026, 18:15

«Баспана немесе автокөлік сатып алу үшін «пайызсыз» қарыз береміз!». Әлеуметтік желіде осылай жарнама жасап, 332 азаматты алдап, 562 млн теңгеге келісімшарт жасаған топ ұсталды. Олар өз қызметін заңды деп көрсету үшін түрлі амал қолданған. 10-нан аса өңірде бөлімше ашып, кеңселер жалдаған.

Тұрғындарға қолданыстағы несиесін қайта қаржыландыруды уәде етіп, Trade-in бағдарламаларын жарнамалаған. Алайда клиентке қойылған басты талабы – бастапқы жарна құйып, өзінен кейін тағы адам тарту болды.

Құзырлы орган бұл ұйымның Buyers Union атты қаржы пирамидасы екенін анықтады. 5 күдікті ұсталып, тергеу басталды. Сот үкімімен олардың 6 автокөлігі мен криптоактивтеріне тыйым салынды. Іс сотқа жолданды.