Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Халық ақыны Әсия Беркенова дүниеден өтті

  • 0
  • 18.11.2026, 18:29

Ұлт руханияты орны толмас қазаға ұшырады. Қазақ айтыс өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық ақыны, «Барыс» орденінің иегері Әсия Беркенова дүниеден өтті.

Әсия Әйіпқызы қазақ айтыс өнерінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан, жырсүйер қауымның құрметі мен ықыласына бөленген дара тұлға еді. Ұзақ жыл ұстаздық қызмет етіп, халық ағарту ісінің үздігі атанды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты ретінде елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласты. Ақынның ұлттық өнер мен ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегі халық жадында мәңгі сақталады.

Ақылбек Шаяхмет, ақын, жазушы:

– Ақын болу үшін ең алдымен ақындық жүрек, ақындық тіл қажет болса, осылардың бәрі біздің Әсияның бойында болды. Әсия, әрине, жасы 80-ге жетпей фәниден, бақиға аттанып кете барды. Оның орны толмай ойсырап тұратындығы анық. Бірақ артында қалған ұрпағына, жолдас-жораларына, әріптестеріне, шәкірттеріне қатты қамығып, көңіл айтамыз. Оның орны қазақ айтысының тарихында өшпейтін болып қалады.