Хабар телеарнасы

Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанға медициналық қорғаныс құралдарын жіберді

gumanitarlyk komek

Біздің елдеріміз арасындағы дәстүрлі жылы және достық қарым-қатынастардың, сондай-ақ коронавируспен күрес жөніндегі бірлескен күш-жігердің арқасында БАӘ-ден бортында жалпы салмағы 13 тоннаны құрайтын толық және жартылай медициналық қорғаныс құралдары, бірреттік қолғаптар, медициналық маскалар, бахилалар, антисептиктер және т.б. медициналық құралдар тиелген ұшақ келіп қонды.

Өзара қол ұшын беру аясында Қазақстанға бұған дейін АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және Израиль секілді елдерден түрлі көмек жіберілген болатын.

Гуманитарлық көмек – бұл серіктестерге өзара қолдау көрсетудің жалпы қабылданған халықаралық тәжірибесі.

Тез тарайтын эпидемиологиялық дағдарыс жағдайында әлемнің барлық мемлекеті әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне және географиялық алшақтығына қарамастан, түрлі көмек алу үшін өзара жүгінеді.