Ұлттық банк Алматыдан елордаға көшті
«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 10 сәуірдегі №304 Жарлығына сәйкес Қазақстан Ұлттық банкі 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін астанаға көшірілді. «Ұлттық банктің жаңа мекенжайы – Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 57 А», – деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанның қаржы орталығы Алматы қаласындағы Әйтеке би көшесі, 67-үй мекенжайы бойынша Ұлттық банктің тұрақты өкілдігі ашылды. Оның басшысы – Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева.
Өкілдік ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, Қаржы нарығының субъектілері және халықаралық қаржы институттарымен тығыз өзара әрекеттестікті жалғастырады.