Хабар телеарнасы

Астанада Ер Қосай көшесінде екі үй өртенді

Аулада бензин құйылған 8 бөшке жарылған. Әйтеуір адам аман. Ауруханаға жеткізілгендер жоқ. Тек материалдық шығын бар. Жойқын жарылыстан қатар тұрған екі үйдің шатыры жанып кетті. Оқиға орнында 14 техника мен 74 өрт сөндіруші жұмыс істеді. Жалын жарты сағатта сөндірілді. Алматы аудандық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары ереже бойынша аулада бөшкелерде бензин сақтауға болмайды, яғни бұл жерде қауіпсіздік талабы бұзылған дейді.