СҚО-да Ұлттық ұлан курсанттары жаппай қызылша жұқтырды
Ақмола облысында 37 су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды.
Ақмола облысында пайдаланылмаған 37 су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды. Аталған қоймаларда табиғатты қорғау заңнамасы мүлдем сақталмаған. Арнайы тексеріс барысында балық аулау ережелерінің бұзылғаны және онда қорықшылардың болмағаны анықталды. Пайдаланылмаған су қоймаларының бәрі жекеменшік кәсіпорындарға тиесілі. Қалыптасқан жағдайды түзету үшін облыс әкімдігі мен балық инспекциясына прокурорлық қадағалау актілері жіберілді.
Өскеменді қалың тұман басты. Тұрғындар мұны тұман емес, газ деп, экология мәселесін көтерді.
Өскеменді екінші күн қатарынан түтін аралас қою тұман басып тұр. Күндіз де түнде де аспан ашылар емес. Салдарынан кешелі бері 7 рейсті шегеруге тура келген. Әуежай тек түстен кейін қалыпты жұмысқа көшті.
Мамандардың мәліметінше, қалада күкірт диоксиді мен көміртегі оксиді 2-5 есеге өскен. Шаһар тұрғындары өндіріс орындарынан бөлінген газ мөлшері тым көбейіп кетті ме деп алаңдаулы. Себебі бұл қарапайым метеорологиялық құбылысқа ұқсамайды.
Қонаев қаласында «Рухтың күші – әкеде» атты әкелер форумы өтті. Мақсаты отбасы құндылықтарын дәріптеу, қоғамдағы әке беделін көтеру. Жалпы Алматы облысының әр ауылында әкелер кеңесін құру тәжірибесі бар. Олар балаларды саламатты өмір салтын ұстануға шақырып, өнерге баулып, ұстаздарға қолғабыс етеді. Форум барысында қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқан 12 азаматқа «Асыл әке» төсбелгісі табыс етілді.