Хабар телеарнасы

Атыраудағы Еркінқала елді мекенінің маңында тағы да қамыс өртенді

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы өрт сөндірілгенімен, қала іргесіндегі Еркінқала елді мекенінен 40 шақырым жерде тағы да қамыс өртенді. Төтенше жағдайлар департаментінің 50-ге жуық қызметкері мен 16 техникасы қызыл жалынды сөндіруге жұмылдырылған. Өрт оқшауландырылды. Ал Құрманғазы ауданында 7 қазан күні басталған қамыс өрті толықтай сөндірілген. Бірақ әр жерде бықсып жатқандықтан, кезекшілік ұйымдастырылған. 

Нариман Өтешов, облыстық ТЖД басқармасының бастығы:

-Қазіргі мезгілде әрі қарай жою жұмыстары жүруде. Елді мекендерге қауіп қатері жоқ. Жану оқиға қамыстың жер-жерде болғандықтан, көлемі толықтай өшкеннен кейін комиссия құрамымен анықталады.