Петропавлда төбенің сылағы құлаған мектеп кабинетіне техникалық сараптама жасалады
Қазір осыған байланысты арнайы комиссия құрылды. Оның құрамында Төтенше жағдайлар департаменті, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау, құрылыс, білім басқармалары мен ата-аналар бар.
Естеріңізге салайық, қаладағы Қожаберген Жырау атындағы №6-шы мектеп кабинетінде төбе сылағы опырылып, 3 бала жарақат алған болатын. Дәрігерлердің айтуынша, қазір науқастардың жағдайы жақсы.
Александр Гассман, облыстық көпбейінді балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы:
- Медициналық тексерістен кейін мидың шайқалуы расталған жоқ. Бір баланың басы, қалған екеуінің арқасы жарақаттанған. Денсаулықтарына ешқандай қауіп жоқ. Бәрі жақсы болса, ертең шығарамыз.