Президент АЭС салуға қолайлы жерлерді анықтауды тапсырды
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент атап өткен тағы бір өзекті мәселенің бірі – энергетикалық қауіпсіздік. Қазақстан бұл бағыттағы жұмыстарды жеделдетпесе, елде энергия тапшылығы артып келеді. Сондықтан алғашқы атом электр стансасының құрылысын тездету қажет.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Жалпы елімізде ядролық кластер құру ісін қолға алу керек. Бұл – еліміздің болашақта ойдағыдай дамуына қатысты аса маңызды міндет. Үкіметке «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, атом саласын дамытудың ұзақ мерзімге арналған жоспарын әзірлеуді тапсырдым. Нақты нәтиже керек. Жан-жақты талдау жүргізіп, атом электр стансаларын салуға барынша қолайлы жерлерді, сондай-ақ заманауи және қауіпсіз технологияларды анықтау қажет.