Олжас Бектенов сарапшылармен салық реформасын талқылады
Қаңтар айында кіріс жоспарын 150% орындадық. Премьер-министр сарапшылар мен бизнес өкілдерімен өткен жиында осылай деді. Олжас Бектенов бизнес пен мемлекет арасындағы байланысты жеңілдететін бірыңғай цифрлық экожүйе құрылып жатқанын мәлімдеді. Қазір сала жұмысына жасанды интеллект енгізіліп, дерек автоматтандырылып жатыр. Бұл әкімшілік жүктемені азайтып, ашықтықты арттыра түспек. Кеңесте Ұлттық экономика министрлігі фискалды реформаның негізгі тәсілін қысқаша таныстырды. Сондай-ақ салық режимінің санын 364 қызмет түрінен 40-қа дейін қысқарту ұсынылды. Кездесуде Қаржы министрлігінің үлкен деректі талдау жүйесі де таныстырылды. Онда мемлекеттік 55 дерек базасы жүктелді.