Хабар телеарнасы

Президент Жарлығы бойынша бірқатар ауыс-түйіс болды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Шарлапаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. 

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына Ерсайын Нағаспаев тағайындалды. Сондай-ақ Жандос Шаймарданов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл міндетті енді Әсет Ерғалиев атқаратын болды. Ол бұрынғы лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Абай Қайырбеков Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.