Бектенов «Қазақстан – Еуроодақ» диалогтік платформасы отырысын өткізді
Еуропалық Одақ – Қазақстанның халықаралық аренадағы маңызды серіктесі. 20 жылға жуық уақытта одақ елдері бізге 200 млрд доллардай инвестиция салған.
Бұл туралы «Қазақстан – Еуроодақ» диалог платформасының 16-шы отырысында айтылды.
Жиынды Премьер-министр Олжас Бектенов Еуропалық Одақ Өкілдігінің Уақытша сенімді өкілі Йоханнес Баурмен бірге өткізді. Оған Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссия өкілдері мен жетекші өнеркәсіп компания басшылары қатысты. Тараптар өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға және болашағы зор жаңа бастамалар бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.