Олжас Бектенов CAMCE компаниясының басшысы Ли Хайсинмен кездесті

  • 308
  • 06.03.2025, 18:41

Үкімет басшысы Олжас Бектенов CAMCE компаниясының басшысы Ли Хайсинмен кездесті. Тараптар Алатау қаласында инвестициялық жобаларды іске асыру келешегін талқылады. Басымдық қаладағы көлік-логистикалық және индустриялық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне қойылды. Кездесу қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға инвестициялық ұсынысты егжей-тегжейлі пысықтау тапсырылды.