Мәулен Әшімбаев БҚО-ға жұмыс сапарымен барды

  • 372
  • 28.03.2025, 18:35

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Өңір халқымен кездесуде саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында елді дамытуға қатысты басым бағыттарды белгілеп, өңірлер экономикасын өркендету, ішкі саясат, идеология және білім беру мәселелеріне ерекше назар аударған. Осы бастамаларды сапалы іске асыру үшін жүйелі және тиімді жұмыс жүргізу қажет. Сондай-ақ өңірлерге инвестиция тарту, жаңа технологияларды енгізу, кәсіпорындар ашу және жұмыс орындарын құру мәселелері қозғалды. Мәулен Әшімбаев Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетіне де барып, белсенді жастармен кездесті. Сенат Төрағасы жастарды Әділетті Қазақстан қалыптастыру жолындағы міндеттерді іске асыруға белсенді атсалысуға шақырды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

-Облыстардың дамуына жағдай жасауға баса мән берілуде. Соның нәтижесінде өңірлерде жаңа кәсіпорындар іске қосылып, жұмыс орындары ашылып жатыр. Осы істе БҚО-ның қарқыны көңіл қуантады.