Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф бір-бірін Ораза айт мейрамымен құттықтады. Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды.
Сонымен қатар экономикалық кооперацияның, әсіресе, көлік-логистика және инвестиция бағытындағы ықпалдастықтың әлеуетін барынша тиімді пайдалану маңызды екені атап өтілді.