Президент Ұлттық құрылтайдың IV отырысында жасалған жоспарға қол қойды

  • 136
  • 01.04.2025, 18:34

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерген бастамаларды жүзеге асыру туралы жоспарға қол қойды. 53 тармақтан тұратын бұл құжатты Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп әзірледі. Жоспарда Президенттің гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық салалардағы тапсырмаларын орындауға қатысты нақты қадамдар көзделген. Оның ішінде Ішкі саясат тұжырымдамасы, Ұлттық цифрлық архив, 3 жылда 1300 мектепті жаңғырту, 4 жылда 200 инвестициялық жобаны іске асыру, Астана- Торғай-Транскаспий көлік магистралі, шекара маңындағы ауыл-аймақтарды дамыту сияқты стратегиялық міндеттер бар.