Мәжіліс депутаттары Парламентаралық одақтың 150-ші Ассамблеясына қатысты

  • 25
  • 07.04.2025, 18:31

Қазақстан ілкімді істер мен баянды бастамалардың, әсіресе әділеттілік пен ынтымаққа негізделген қағидаттарды қолдайды. Ал Парламент олардың жүзеге асырылуында халық атынан өкілдік ететін институт ретінде басты рөл атқарады.

Өзбекстанда өткен Парламентаралық одақтың 150-ші Ассамблеясында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов осылай деді. Мерейтойлық отырысқа әлемнің 140-тан астам елінен делегаттар қатысты. Ауқымды форумда Ерлан Қошанов шетелдік әріптестерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. 

Мәжіліс төрағасы Өзбекстан, Үндістан және Марокко мен Бахрейн корольдіктерінің өкілдерімен жүздесіп, парламентаралық ынтымақтастықты арттыру мәселесін талқылады. Сондай-ақ еліміздің атынан барған бір топ депутаттар бейбітшілік пен қауіпсіздік және тұрақты даму мәселелері бойынша комитет отырыстарына қатысты.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы

- Әділеттілік – Президентіміз Қ.Тоқаевтың саяси бағытының идеялық негізі саналады. Мемлекет басшысының жетекшілігімен елімізде жүйелі саяси және экономикалық реформалар іске асырылуда. Олар Әділетті Қазақстанды бәріміз және әрқайсымыз үшін тең мүмкіндіктер мемлекетін құруға бағытталған. Бұл реформалар қоғамның саясатқа араласу мүмкіндігін кеңейтіп, әлеуметтік теңсіздікті азайтты. Инклюзияны дамытуға, денсаулық пен білімнің қолжетімді болуына, ұлттық байлықтың әділетті бөлінуіне айырықша назар аударылуда.