Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

  • 105
  • 18.04.2025, 18:30

Мемлекет басшысының Ақтау қаласындағы жұмыс сапары жалғасуда. Президент Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің технологиялық паркімен танысып, көп салалы спорт кешенін аралап көрді. Сондай-ақ өңірдегі көлік инфрақұрылымдық жобалармен танысты. Ауқымды жол құрылыстары мен Ақтау теңіз сауда портының зор әлеуеті Маңғыстау облысын орталыққа жақындата түспек.

Қасым-Жомарт Кемелұлы әуежайдан Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығына келді. Айта кету керек азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын нысан облыстың бас қаласында  алғаш рет бой көтергенін айта кету керек. Орталықтың басты миссиясы сол өңірді азық-түлікпен қамтамасыз етумен қатар, тұтынушылармен арадағы делдалдарды азайтуға күш салынады. 

Гүлжихан Жақаева, көтерме тарату орталығының құрылтайшысы:

- Облыста біздің ең негізгі проблема ол азық түлік бағасының тұрақсыздығы. Баға үнемі секіріп тұрады. Біздің облыстың орнласуына байланысты, және де климатына байланысты азық үліктің 85 проценті сырттан келеді. Ол тұтынушыға жеткенше 30-40 процентке көтеріліп кетеді азық түлік бағасы.

Берік Дүйсенбай, тілші:

- Ақтаудағы көтерме тарату орталығында қазір тұрақтандыру қорының азық-түліктері сақталуда. Ал алдағы уақытта бұл орталық тікелей жеткізуші ретінде делдалдардың қатысуынсыз нарыққа көтерме бағамен өнімдерді шығарады. Сол кезде азық-түліктің 85 пайызы шетелдерден және көрші облыстардан келетін Маңғыстау өлкесі үшін баға 15 пайзға төмендейді деп күтіледі. 

Нысанның екінші кезегі қолданысқа берілгенде 80 мың шаршы метр болатын кешенде 40 мың тонна өнім сақтауға болады. 5 миллиард теңгеге жуық инвестиция қаражатына іске асып жатқан Көтерме тарату орталығы Маңғыстау өңірінде азық-түлік бағасының тұрақтылығына септігін тигізетін болады. Президент мұнан соң Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті жанындағы Технологиялық парктің жұмысымен танысты. Орталық студенттер мен оқушыларды және кәсіпкерлерді стартаптар және түрлді жобаларды әзірлеу бағытында қолдауға арналған.  Мемлекет басшысы инновациялық зертханалар, шеберханалармен танысты.  Мұнда студенттер мен жас мамандар электроника, роботты техника, лазермен кесу, ағаш және металл өңдеу, полиграфия, 3D-дизайн, тігіншілік дағдыларын меңгереді. Мәселен мына шеберханад ұлттық киімдерден бастап, спорттық жейделерге дейін тігіледі. Осы жерде тігіншіліктің қыр-сырын меңгеріп, келешекте оны өз кәсібіне айналдыруды көздейтін 31 студенттің бірі Жасмина. 

Жасмина Закария, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенті:

- Тегін оқытылады. Бұл менің хоббиім секілді ғой. Бірақ ертең ол менің кәсібім болуы мүмкін. Сондықтан таң қалмаңыздар.  Мен мысалы халықаралық қатынастар мамандығында оқимын. Бірақ ештеңе артық, етпейді менің ойымша. 

Орталықта халықаралық бағдарлама бойынша ІТ-мамандарын даярлайтын оқу аймағын мен цифрлық әрі телекоммуникациялық құзыреттерді дамытуға бағытталған зертхана да орын тепкен. Қасым-Жомарт Тоқаев студенттермен әңгімелесу барысында қазір жаңа технологиялар мен жасанды интеллект бағыттарын дамыту өзекті болып отырғанын жеткізді. Президент көлік-логистика саласына да білікті мамандар қажет екенін атап өтті. 

Мадина Есмат, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті жанындағы қазақ-неміс тұрақты инженерия институтының студенті:

– Өзім Жаңаөзен қаласының тумасымын.  Логистика мамандығын таңдаған себебім, бізде Касспий теңізі бар. Сол арқылы болашақта тасымал бізде дамып жатыр.  2024-жылдың қазан айында Германияға техникалық университетке барып келдім. Логистикалық жаңа технологияларды игердік. Және де әртүрлі болашақта дамиды деп, салынғалы отырған зауыттарды да бір көріп келдік. Мен үшін Президентпен кездесу бұл үлкен мәртебе және алғысымды жеткізу. Осындай мүмкіндік бергеніне.

Мұнан соң Мемлекет басшысы көпфункционалды спорт кешенінің қызметімен танысты. Заманауи орталықта  халықаралық және республикалық спорт жарыстарынан бөлек мәдени іс-шаралар да өтеді. Мұнда волейбол, баскетбол алаңқайлары, футзал, жабық және ашық теннис корттары, бассейн, жекпе-жек түрлері мен фитнеске арналған залдар, сондай-ақ футбол алаңы бар.

Сұңғат Мұңалбаев, BS құрылыс компаниясының жетекшісі:

– Бұл жоба 2022 жылы басталып, 2024тің қаңтарында аяқталлды. Бұл комплекс салуға 3 млрд ақша жұмсалды. Өз қаражатымыз.   Қуаттылығымыз күніне 2 мың адам қабылдай аламыз.  Күні бүгін 1200 адам осы неше түрлі спорт түрін пайдаланып отыр. 

Президент жергілікті спортшылармен  жүздесіп оларға сәттілік тілеген соң Маңғыстау өңіріндегі көлік-логистика инфрақұрылымының даму барысымен танысты. Ақтау портындағы көпмақсатты заманауи терминал Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік бағыттары бойынша тәулік бойы жүк тиеу мен түсіру қызметін ұсынады.

Берік Дүйсенбай, тілші:

- Ақтау теңіз портындағы жүк терминалының контейнерлік хабаында тұрмыз. Бұл жерде кеме қабылдайтын 3 айлақ бар, яғни 3 контейнер тасымалдаушы келіп тоқтай алады. Қазір 4-нің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы контейнерлік хабтағы жүк айналымының жылдық қуатына келетін болсақ 20 футтық эквиваленттегі 70 мың контейнер. 4-ші айлақтың құрылысы аяқталған кезде ол көрсеткіш 240 мыңға дейін жетеді

Көлік министрі Марат Қарабаев баяндағандай  өңірде жалпы құны 1,9 триллион теңге болатын 24 инфрақұрылымдық жобаның жүзеге асырылып жатқанын айтты  Былтыр Транскаспий халықаралық көлік дәлізі бағытымен 358 контейнерлік пойыз, 27 мың автокөлік жүгі тасымалдаған. Жалп тасымал көлемі тез өсіп келеді.

Маңғыстау облысының аумағында екі теңіз порты мен үш терминал жұмыс істейді: «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» (11,8 млн. тонна), «Құрық порты» (6,0 млн. тонна), «Ақтау теңіз солтүстік терминалы» (3,0 млн. тонна) және «Ерсай терминалы» (1,5 млн. тонна). Жалпы өткізу қабілеті жылына 22,5 млн. тоннаны құрайды. Теңіз арқылы тасымалдау көлемі 60 пайызға артып отыр, 2021 жылы 4.5 млн тонна жүк тасымалданса, биыл оны 8,6 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.

Әмір Атамбаев, «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы:

- Портта 3 және 12-айлақтарды қайта жөндеу жобалары басталды. Ол контейнерлік хабтың өткізу мүмкіндігін ұлғайтады. Каспийдің деңгейі түсіп бара жатыр, су таязданып кетсе айлақтың жұмысы қиындайды. Сол үшін қазір судың түбін тереңдету жұмыстарын бастаймыз деп жоспарлап отырмыз.

Кендірлі курорт аймағында әуежайдың салынуы Маңғыстаулықтардың емес, жалпы ел тұрғындары үшін Ақжолтай жаңалық болмақ. 

Марат Қарабаев, ҚР көлік министрі:

- Кендірлінің әуежайының құрылысы басталды. Бұл ретте ол өңірлік әуежай болып қалмайды. Бұл жақтан Алматы, Астанаға тікелей ұшақ болады.

Маңғыстау енді басқа өңірлерге жақындай түседі. Орталық – Батыс, Бейнеу – Сексеуіл секілді жол құрылысы жобалары көзделуде. Нәтижесінде барлық бағыттағы логистика оңтайланып, транзит пен экспорттық жүк тасымалдары шығыны азаймақ. Астана мен Ақтаудың арасы 800, Қорғас пен Ақтаудың арасы 900 шақырымға қысқаратын болды.

Авторлар: Берік Дүйсенбай, Еділ Ермекбаев, Бақытбек Нұртаев.