1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады.
Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай мәлімдеді. Байқау әр екі жылда ұйымдастырылады. Мақсат дарынды, кәсіби білікті жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту. Жоспар бойынша биыл үздік 50 кандидат резервке қабылданады.
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу санаулы күнде басталады. Биыл білікті, білімді кадрлар қажет деген 6 бағыт таңдалыпты. Олар инфрақұрылым, өнеркәсіп, экономика, сыртқы саясат, агроөнеркәсіп және азаматтық қоғам. Үміткерлер тіркелу кезінде осы тізімдегілердің бірін таңдауыға құқылы.
Дархан Жазықбай, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
- Кандидаттарға қойылатын талаптар ҚР азаматы болуы керек және жасы 35 жастан аспаған. Жоғары білімінің болуы міндетті. Сонымен қатар жалпы жұмыс өтілі бес жыл. Мепмлекеттік тілді білу сертификатын талап етеміз. Бұл бізде ережемізде көрсетілген.
Сонымен ірктеуге құжаттарды қабылдау 1- ші маусымда басталады. Одан кейін үміткер мәтінмен жұмыс істеу, сандық тестілу, ситуациялық тапсырмаларды орындау, сұқбаттасу түріндегі кезеңдерден өтуі тиіс.
- 24 сағат біздің онлайн платформа қосылып тұрады. Кез келген өзіне ыңғайлы уақыта тапсыра беруге болады. Тек қана бізге екі кезде келеді. Бірінші сарапшылық комиссияның отырысы болады. Ол жерде ол өзінің жобасын қорғау керек. Тіпті мүмкіндігі болмай жатса, біз оны ЗУМ арқылы қосамыз. Бірақ ұлттық комиссияға келіп, өзінің сұқбатын өтуі керек. Өздеріңізге мәлім, ақпан айында өткен «Жаңа адамдар» жастар форумында Мемлекет басшысы: «Президенттік жастар кадр резерві» сұранысқа ие жобаға айналды. Келешекте мемлекетті басқарушылардың негізгі легі осы жас мамандардан қалыптасады», - деді.
Айта кетейік, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу 2019 жылы Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған болатын. Кейін әр екі жыл сайын ұймдастыру дәстүрге айналды. Бүгінге дейін оған 60 мың қазақстандық қатысқан.
Іріктеу қорытындысы бойынша резервке 400 адам қабылданды. Қазір олардың 318-і жауапты қызметтерге тағайындалып, экономиканың түрлі салаларында еңбек етуде.
Президенттік жастар кадр резерві бұл жолы 50 кандидатпен толығады деп күтілуде. Жоспар бойынша оларды іріктеу биыл қазан айының соңына дейін аяқталады. Ережеге сәйкес, ашықтық болуы үшін қатысушылардың аты-жөні жеңімпаздар анықталғанша құпия сақталады.
Ердәулет Ыбырайұлы, Азамат Сәметов