Президент бірқатар мемлекеттің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

Президент бірқатар мемлекеттің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
  • 44
  • 17.05.2025, 12:11

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен және БАӘ Вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.

Шет мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, Қазақстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.